Ұлытау облысында құрғақ шөп өртенді

27 Шілде 2023, 23:16
386
Бөлісу:
Ұлытау облысында құрғақ шөп өртенді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

26 шілде күндіз Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Шалғия кентінен батысқа қарай 20 км жерде құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 2500 гектар аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге 17 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген төтеншеліктер таратқан хабарламада.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

 

Өзгелердің жаңалығы