Бір аунап тұрған шығар. Талант иесі қарғаларға ән арнап, желіні шулатты

27 Шілде 2023, 13:26
7561
Бөлісу:
Бір аунап тұрған шығар. Талант иесі қарғаларға ән арнап, желіні шулатты
VIDEO
Фото: Бейнеден скрин

Желіде Дала әншісі қарғаларға ән арнады. Ән Қазнет желісінде көпшілікті таңғалдырып қана қоймай, кейбір қолданушылардың сүйікті әніне айналып үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орындаушы Дала әншісі Талғат Манас әннің қайырмасында қарғаның қарқылдаған даусын салады.

Қарға деген әнім, қабыл алыңыздар, - деді ол. 

1,5 млн-ға жуық қаралым жинаған бейнеге 3200 желі қолданушысы ойын білдірген.

Бұл өлең жолдарын әжем бала күнімнен маған айтып жүретін сол есімде қалыпты. Кейін өлеңді одан әрі ойлап шығардым, бірақ өзіме ұнамайды. Достарым арасында әзілдеп айтатын әніміз деп білемін, - деді ол.

TikTok-тағы бейнеде «қайта-қайта тыңдағандар бар ма?», «мынаны ести алмай кеткен қарғалар бір аунап тұрған шығар», «қарғалар хит болайын деп тұр ғой» және «керемет талант иесі» деген қызықты пікірлер айтылған.

Сондай-ақ көпшілік әншіні нағыз талантқа теңеп, әнді он рет тыңдағанын айтты. «Жарайсың бауырым», «Нағыз талантты әншімін деп жүрген кейбіреулер үйренсін, жарайсың балам өнерің жана берсін, - деп тілегін білдіргендер болды.

Бұған дейін Талғат Манас «допқа» ән арнаған болатын. Көбі талант иесінен Жұбаныш Жексенұлы мен Аргоняның даусын байқайтынын айтады.

Атыраудың тумасы 2021 жылы «Qazaqstan дауысы» және Central Asia's Got Talent жобаларында бағын сынаған. Өз даусын қазақтың айғырындай шығады деп есептейді. Талғат Манас аспаптарда да ойнайды және жануарлардың даусын сала алады.

Өзгелердің жаңалығы