Жастарға репродуктивті саулық жобасы таныстырылды

27 Шілде 2023, 16:05
1351
Бөлісу:
Жастарға репродуктивті саулық жобасы таныстырылды
Фото: Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы

Елордада «Жастар денсаулығын сақтау» республикалық қозғалысы» атты әлеуметтік жоба таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жария» халықаралық орталығы жүзеге асырып отыр.

Жоба жыныстық тәрбие мен репродуктивті денсаулық туралы жастардың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің, түсік жасатудың, жыныстық жолмен берілетін аурулардың санын азайтуды мақсат тұтқан.

Әр айда жеке өңірлерге көңіл бөлеміз. Әр өңірде еріктілеріміз бар. Олар үшін арнайы оқыту дайындадық. Облыстарда үздік нәтиже көрсеткен жастардың кемінде 50 өкілін таңдап, оларды репродуктивті денсаулық бойынша тереңдетілген оқытуға жібереміз. Осылайша, жастар арасындағы «теңбе-тең» қағидатын сақтай отырып, қозғалыс көшбасшылары мен жоба үйлестірушілерін дайындағымыз келеді. Бүгінгі таңда Астана қаласы мен Қызылорда облысында 100-ден астам ерікті оқытылды. Олар өз облыстарында жыл сайын репродуктивті саулық мәселелеріне бойынша басқа жастарды оқытады, - деп атап өтті жоба жетекшісі Қанат Мырхайдаров.

Жастарға репродуктивті саулық жобасы таныстырылды

Айтуынша, жоба аясында қоғам белсенділері «Репродуктивті денсаулық мәселелері жөніндегі медиа-мектеп» құрып, анонимді Telegram-бот әзірлеген.

«Saulyq-life» анонимді бот арқылы жастар тегін кеңес алуына болады. Ол жерде білікті психологтар мен репродуктолог-дәрігерлер кеңес береді. Сұрақтар тәулік бойы қабылданады. Өтінімдерге бір тәулік ішінде жауап беруге тырысамыз. Қажеттілігіне қарай көмек сұраушы өңірлердегі медициналық-санитарлық алғашқы көмек, жастар денсаулық орталықтары мен әлеуметтік қызметкерлер бар сенім кабинеттеріне бағытталады. Мамыр айынан бері 24 өтініш келіп түсті, - дейді жоба жетекшісі.

Жастарға репродуктивті саулық жобасы таныстырылды

Одан бөлек, қоғам белсенділері репродуктивті денсаулық туралы толық ақпараттар ұсынылып тұратын оқыту платформасын әзірлеу үстінде.

Өзгелердің жаңалығы