Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығының қолдауымен Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Қазақстандағы танымал суретші Серік Ермековтың «Заман керуені» атты сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көркем экспозицияның ашылуына Анталия қаласы муниципалитетінің басшылығы, Анталияның Мәдениет және туризм басқармасының басшысы, шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ отандастар мен қала қонақтары қатысты.
Ү.ж. 24 шілде – 7 тамыз аралығында өтетін көрмеде пейзаж, натюрморт, тарихи жанрлардағы 52 жұмыс ұсынылды, онда Қазақстанның көркем табиғаты, қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысы бейнеленген.