700-ден аса әскери қызметшісі медициналық тексеруден өтті

27 Шілде 2023, 01:20
542
Бөлісу:
700-ден аса әскери қызметшісі медициналық тексеруден өтті
Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскери дәрігерлер шалғайдағы гарнизонның 700-ден аса әскери қызметшісін медициналық тексеруден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша әскери дәрігерлердің біріккен жасағы жеке құрамға медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған шараларды іске асырып жатыр.

Жаркент гарнизонында жұмыс істеп жатқан біріккен жасақ Талдықорған, Алматы, Семей, Аягөз әскери госпитальдарының және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің бейінді мамандарын бір жерге жинады.

Аталған шаралар Талдықорған қаласы Әскери госпиталінің жылжымалы далалық кешенінде өткізілуде. Онда зертханалық, рентгендік, ультрадыбыстық және эндоскопиялық зерттеулердің кең спектрін жүргізуге арналған клиникалық және диагностикалық модульдер бар. Заманауи жабдықтар байқалмайтын ауруларды анықтауға және уақтылы тиімді медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл біріккен жасақ құрамында барлық санаттағы әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне кәсіби психологиялық көмек көрсететін маман-психолог жұмыс істейді. Әскери ортаға бейімделуде қиындықтары бар мерзімді қызметтегі сарбаздарға да ерекше назар аударылады. Психолог жеке, топтық жұмыс әдістерін қолданып, әскери ұжымды біріктіруге және коммуникативтік дағдыларды арттыруға бағытталған дамыту және түзету сабақтарын жүргізеді.

Медициналық тексеру шамамен 700-ге жуық адамды қамтыды. Әскери қызметшілер қызметтік міндеттерін орындаудан қол үзбей қажетті мамандандырылған медициналық көмек алуда. Мұндай шаралар 31 шілдеге дейін жалғасатын болады.

Өзгелердің жаңалығы