Мадридте Абай мұрасы талқыланды

27 Шілде 2023, 07:28
424
Бөлісу:
Мадридте Абай мұрасы талқыланды
Фото: gov.kz

Іс-шараны Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі мен «Азия үйінің» («Casa Asia», Испания Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы) ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Испания астанасында ұлы ақын, философ, сазгер, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушыға арналған «Қазақ даласының ұлы тұлғалары: Абай Құнанбайұлы» атты конференция өтті.

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев және «Casa Asia Madrid» директоры Эмилио де Мигель қатысушыларға алғы сөз сөйледі.

Конференция барысында академик, «Real Sociedad Económica Matritense de Amigos del País» дипломатия және азаматтық қоғам форумының директоры Хосе Луис Изагирре баяндама жасады. Ол өз сөзінде қазақтың ұлы жазушысының мұрасына тоқталып, оның шығармашылығымен танысу барысында алған әсерімен бөлісті. Х. Изагирре ақын әрі ойшылдың еңбектерінің ішінде «Жаз» өлеңін, сондай-ақ үзінділері испан тілінде оқылған «Абайдың Қара сөздері» атты іргелі шығарманы ерекше атап өтті.

Іс-шараның жалғасында қазақ диаспорасының өкілі Аида Тұрғанбаева әйгілі «Көзімнің қарасы» әнін орындап, залға жиналғандардың барлығына ерекше әсер қалдырды.

Кездесу аясында Абайдың қазақ әдебиетін, ағартушылық қызметі мен мәдениетін қалыптастырудағы рөлі атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы