3,9 млрд теңгенің заңсыз мемлекеттік сатып алуы жойылды

27 Шілде 2023, 22:16
716
Бөлісу:
3,9 млрд теңгенің заңсыз мемлекеттік сатып алуы жойылды
Фото: Бас прокуратура

Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы талдау барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық мемлекеттік мекемелер міндетті түрде тендер өткізбестен таңдалған өнім берушілермен тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 23 фактісі анықталды.

Басқа жағдайда, мемлекеттік мекемелер әлеуетті қатысушылардың санын шектеп, жұмыстарды лоттарға бөлмей, олардың біртекті түрлері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарын заңсыз түрде күрделендіріп, нәтижесінде конкурсқа көрсетілетін қызметтердің нақты көлемін көрсетпей, сондай-ақ қаржы жылынан асатын мерзімге шарт жасасуға тырысты, - делінген прокуратура ақпаратында.

Бұдан басқа, прокуратура органдары тарапынан қадағалау актілерінің арқасында мемлекет кірісіне 26 млн.теңге өндіріліп, жосықсыз мердігерлерден айыппұл санкцияларын өндіріп алу бойынша әрекетсіздік фактілері анықталды.

Енгізілген қадағалау актілерінің нәтижелері бойынша 3,9 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз мемлекеттік сатып алу қорытындылары жойылды.

Кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, барлық мемлекеттік ұйымдарға мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.

Өзгелердің жаңалығы