«Ақтөбе» футбол клубының төрағасы ауысты

27 Шілде 2023, 19:20
419
Бөлісу:
«Ақтөбе» футбол клубының төрағасы ауысты
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Азамат Бекет тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат Бекет - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің және Экономика және құқық академиясының түлегі.

Әр жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Хромтау ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының әкімі лауазымында қызмет атқарады.

Өзгелердің жаңалығы