Соғыс жағдайында интернет мәселесі қалай шешілмек

27 Шілде 2023, 18:17
3435
Бөлісу:
Соғыс жағдайында интернет мәселесі қалай шешілмек
Фото: t.me/modgovkz

Еліміздің қорғанысы соғыс жағдайында әскерлерді интернет байланысымен қалай қамтамасыз етеді? Осы сауалға Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қорғаныс министрінің орынбасарына «Бейбіт күнде интернет мәселесі шешілмеген, ал соғыс жағдайында қалай қамтамасыз етпексіздер?» деген сұрақ қойылды.

Дархан Ахмедиевтің айтуынша, интернет мәселесінің Қарулы күштерге қатысы жоқ.

Алдымен біз мұның екі түрлі нәрсе екенін түсініп алуымыз керек. Әскер интернетті пайдаланбайды. Біз жабық байланыс арналарын қолданамыз. Оптика арқылы салынған байланыс арналары бар, яғни тұрақты байланыс береді. Соғыс жағдайында ол жарамсыз болып қалса, радиорелейлік байланыс түрі бар. Сондай-ақ қазіргі таңда біз мesh-жүйелік технологиясын қолға алып жатырмыз, - деп түсіндірді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Ахмедиев Цифрлық даму министрлігіндегі әріптестерінің жақын арада интернет мәселесін шеше алатынына сенім білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін әскерге бармаған азаматтарға әскери билет цифрлық нұсқада ұсынылатынын жаздық. 

Өзгелердің жаңалығы