Пәтер жалдау бағасы бір айда 4,2%-ға қымбаттады

27 Шілде 2023, 11:39
1054
Бөлісу:
Пәтер жалдау бағасы бір айда 4,2%-ға қымбаттады
Фото: Арман Мухатов - Архив

Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйлер қайтадан қымбаттай бастады. 27 маусым мен 26 шілде аралығында орташа тариф құны 4,2%-ға өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ Krisha.kz-ке сілтеме жасап. 

Баспана бағасы қай өңірде қымбаттаған

Krisha.kz 13 қаланың 11-інде тұрғын үйлерді жалдау құны өскенін хабарлады. 

Қолданыстағы баспана саудасында баға Қостанай, Петропавлда (10%), Алматы, Шымкент (7%), Ақтау (5%), Ақтөбе (4%), Астана, Қарағанды, Орал (+3%), Павлодар, Көкшетау (2%) қалаларында қымбаттаған. Атырауда өзгеріс жоқ (0%). Ал Өскеменде 1 пайызға төмендеген.

Жыл басынан бергі өзгерістер

Қаңтар айынан бүгінге дейінгі баға бағамына көз жүгіртсек, пәтер жалдау бағасы бар болғаны 3%-ға өскен. 

Сондай-ақ, Қостанай (+13%), Ақтау (+10%), Ақтөбе (+9%) шаһары тарифті көтеру бойынша көш бастап тұр. 

Жалға алу бағасы төмендеген өңірлер қатарында Көкшетау қаласы (6%) бірінші орында, бұл үрдіс Өскемен(5%), Алматы (1%) шаһарларында да байқалады. Бас қаладан тұрғын үй жалдау құны қаңтардағы көрсеткішке (10%) қайта оралды. 

Сұраныстың артуына байланысты пәтер жалдау құны шілде айында өсе бастаған.

27 шілдедегі жағдай бойынша елде жалға берілетін пәтерлердің орташа бағасы мынадай:
- бір бөлмелі пәтер – 124 мың теңге;
- екі бөлмелі пәтер – 165 мың теңге;
- үш бөлмелі пәтер - 209 мың теңге;

Аударған Назерке Өтеген.

Өзгелердің жаңалығы