Все новости за 5 тамыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Токио-2020: Қазақстан спортшыларының 6 тамыздағы жарыс кестесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың 6 түрінен сайысқа түседі, деп хабарлайды Sports.kz.
-
Былтыр елімізде 201 индустриялық жоба іске асырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нәтижесінде 18,6 мың жаңа жұмыс орны құрылған. 2020 жылы индустрияландыру картасы және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталары шеңберінде Қазақстанда 916,8 млрд теңгеге 201 жоба іске асырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Нұрислам Санаев: Барша жанкүйерге алғыс айтамын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев төртжылдық додасын қорытындылады.
-
Түркістан. Келес ауданына 1 млрд теңгеден астам инвестиция тартылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Келес ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына 334 млн теңге инвестиция тартылды.
-
Карантин талаптарын бұзған кәсіпорындар Ashyq-тан бір айға шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Ashyq жобасына қатысушылар саны бірнеше есе өсті. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жобаға 11 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті қатысуда.
-
Ресейлік «Эпиваккорона» вакцинасының тиімділігі шамамен 80%-ды құрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік «Эпиваккорона» вакцинасының тиімділігі екпе салдырғаннан кейінгі 42-күні шамамен 80% құрады.
-
Төрешілердің шешімімен соңғы екі раундта Бибосынов ұтқан – Серік Сәпиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен онлайн конференциясында Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев мәлімдеді.
-
Вирус шашады деп тарап жатқан ақпарат жалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар WhatsApp-та 7-8 тамызда «вирус шашатындықтан» далаға шықпауға шақыратын хабарлама таратуда. Бұл фейк.
-
Жекпе-жек соңында ұттым деп ойладым – Сәкен Бибосынов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов мәлім етті.
-
Елордада алдағы оқу жылына дайындық талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов оқу орындарының ректорларымен алдағы оқу жылына дайындық барысын талқылағанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Токио-2020. Қазақстан 7 қоламен жүлделер кестесінде 76-орынға төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақстандық спортшылар ел қоржынын 2020 жылғы Олимпиаданың үш қола медалімен толықтырды. Боксшы Сәкен Бибосынов, еркін күрес шебері Нұрислам Санаев және каратэші Дархан Асадилов жүлдегерлер атанды, деп хабарлайды Sports.kz.
-
Алматыда такси жүргізушісін тұншықтырып, тонап кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда такси жүргізушісін тұншықтырып, қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елордалық жас гимнастшылар халықаралық турнирде топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжан астанасы Бакуде «GumKids» кіші жастағы гимнастшылар арасында онлайн халықаралық турнирі өтті.
-
Қарағанды облысында 3521 отбасы АӘК алды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау білдіру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Бүгінгі күні 3521 отбасы 638 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды.
-
Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Nur Alem болашақ энергиясы музейінің жанында қала тұрғындары мен қонақтарға арналған көрме ұйымдастырылды.
-
Елордада вакцинацияланған жастар арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада вакцина алатын жастар арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады. Елордалық "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Халықаралық Жастар күні қарсаңында "Stop COVID-19" үздік бейне-challenge байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
«Еңбек»: Қарағандыда 25 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды oблыcындa мeмлeкeттiк бaғдaрлaмaлap аясында жыл соңына дейін 75 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп oтыp. Xaлықты жұмыcпeн қaмтyды қaмтaмаcыз eтy бoйыншa қабылданған шаралар нәтижесінде Қарағанды өңірінде биыл жұмыссыздықты 4,5% деңгейінде сақтап қалу жоспарлануда.
-
Ресейде Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Воронеж қаласындағы Әскери-әуе академиясының командалық факультетінде және авиацияның жауынгерлік іс-қимылдарын қамтамасыз ету факультетінде оқитын қазақстандық әскери қызметшілер – магистратура тыңдаушыларының күшімен аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды.
-
Қазақстандықтар еліміздің жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест тапсыра алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде іс-шаралар навигаторы сайтында Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест іске қосылды.
-
Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды.
-
Таразда әкімдік қызметкерлері жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары карантин кезінде кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданбағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен ақша алған. Бұл туралы Антикор хабарлады.
-
Қазақстандықтар жаңа көліктерді уақытша тіркей алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 5 тамызда кеден ақпараттық жүйесінде туындаған ақауға байланысты ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жаңа автомобильдерді тіркеу уақытша тоқтатылды.
-
«Дельта» штамынан бірінші кезекте кімдер зардап шегетіні айтылды
Алматы, BAQ.KZ. Коронавирустың «дельта» нұсқасы жасарды. Қазіргі кезде ол негізінен вакцина салдырмаған жастар арасында таралуда. Вирус жұқтырғандардың 37%-ы 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар.
-
Еліміз бокстан неге алғаш рет алтын түгілі, күміссіз қалды? – спорт журналисі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт журналистикасында жүргенімізге ширек ғасырға жуықтапты. Білетініміз - бір тоғыз, білмейтініміз - тоқсан тоғыз, деп жазды Есей Жеңісұлы Facebook-тегі парақшасында.
-
Коронавирус: Алматыда эпидахуал ұшығып тұр
Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 4 тамыз күні қала бойынша коронавирустық инфекцияның 1570 жаңа жағдайы тіркелді, оның 1455 симптомдық белгімен және 115 симптомсыз.
-
Токио-2020: Дархан Асаділов қола медаль иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында каратэден алғашқы жүлдегер анықталды, деп жазады Olympic.kz.
-
Жамбыл облысының 10 тұрғынына үй карантинін бұзғаны үшін айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының 10 тұрғынына үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
-
ҚТЖ ұжымының 70%-дан астамы ковидке қарсы екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 78 мыңнан астам қызметкер COVID-19-ға қарсы вакцинацияланды.
-
Ел қоржынында тағы бір медаль. Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы қола медаль үшін кездесулер басталды. Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды, деп жазады Olympic.kz.
-
ШҚО-да 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемияның кедергілеріне қарамастан Шығыс Қазақстан облысының даму қарқыны жоғары. Бұл туралы аймақ әкімі облыстық мәслихаттың VII сессиясында айтты.
-
Токио-2020: Данияр Қайсанов жартылай финалда тізе бүкті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының жартылай финалдық белдесулер аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Қазақстандағы құрғақшылық: Еуроодақ елімізге 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетпек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусым айынан бері Қазақстанның ауқымды бөлігінде тараған құрғақшылыққа жауап қайтару үшін Еуропалық Одақ гуманитарлық көмек ретінде 200 000 еуро (100 млн теңге) көлемінде қаражат бөледі.
-
Коронавирустан соң денсаулықты қалай қалпына келтіруге болады?
Алматы, BAQ.KZ. Шетелдік және отандық эпидемиологтар COVID-19 ішкі ағзаларға әсер ететінін және ауру емделгеннен кейін де сақталатынын айтады.
-
Қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ бастамасымен жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты.
-
Ashyq.kz арқылы «қызыл» мәртебесі бар 8 мыңға жуық азамат анықталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook-тегі парақшасында елімізде Ashyq жобасының барысы жайлы, осы жүйе арқылы анықталған заңбұзушылар жайында айтып өтті.
-
Шетелдік заңгер Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасына қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Заң ғылымдарының докторы, профессор Николай Хавронюк Қазақстанның 2010-2020 жылдарға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы жобасына сарапшылық пікірін білдірді.
-
Таиландта күннен қорғайтын кремді пайдаланатындарға айыппұл салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Крем құрамындағы химиялық заттар Таиланд суларындағы коралдарды құртады екен. Сол себепті ел билігі кремдерді пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған.
-
Мүмкіндігі шектеулі жандар жеңілдетілген теміржол билеттерін сатып ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеңілдетілген билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан еgov mobile-дан алынған ЖСН және әлеуметтік ID 6-таңбалы кодты енгізу арқылы онлайн сатып ала алады.
-
Қалыпты өмір сүргіміз келсе, бәрі вакцинациялануы керек – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де алаңдаушылық тудырып отыр. Медицина қызметкерлері азаматтардың өмірін құтқарып, ерліктің үлгісін көрсеткені әлі де есімізде.
-
Әскери қызметшілер «Десанттық взвод» конкурсына дайындалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы десанттық-шабуылдау бригадасының және Құрлық әскерлері Әскери институтының полигондарында әскери қызметшілер Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде «Десанттық взвод» конкурсына қатысу үшін даярлықтан өтуде.
-
Карантин: Арыста 150 адамдық той тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында 150 адам жиналған той анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елордада екі күнде 16 мекеме карантин талаптарын бұзған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары бірнеше айдан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді.
-
Сәкен Бибосынов: Жеңіліп қалғаным үшін халықтан кешірім сұраймын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан 52 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Сәкен Бибосынов жартылай финалдық жекпе-жектен соң сұхбат берді, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамыту мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаевтың төрағалық етуімен Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамыту мәселелеріне арналған онлайн-конференция өтті.
-
Өскемен мен Семейде демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, бұл короновирус инфекциясының кең таралып кетпеуін және облысты «қызыл» аймақтан шығару үшін амалсыздан жасалып отырған шара.
-
Токио-2020: Дархан Асаділовтің жартылай финалдағы қарсыласы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каратэден 67 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасының жартылай финалдық жұптары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Сайлау - 2021. Қоғамдағы серпіліс басылғанда қорытындысын бағалауға болар – Расул Жұмалы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл әкімдерін сайлауға қатысты қоғамдағы серпіліс басылғанда оның қорытындысын байсалды түрде бағалауға болар, деп жазды саясаткер, Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Расул Жұмалы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
-
Шығыс Қазақстанда азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінуде
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл облыста 1200-ден астам көпбалалы отбасы баспаналы болса да, мәселе толық шешімін тапқанға дейін қатаң бақылауда болмақ.
-
Алматыда екі мыңға жуық үй газбен жабдықтау жүйесіне қосылады
Алматы, BAQ.KZ. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы телеарнасының эфирінде инженерлік инфрақұрылымды дамытудың онлайн-презентациясы кезінде жеке секторды газдандыру және газ желілерін реконструкциялау туралы айтты.
-
Токио-2020. Сәкен Бибосынов қола жүлдегер атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді деп жазады Olympic.kz.
-
ШҚО мектептерінде күзет жүйесі күшейтілді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда білім беру жүйесі қысқа мерзімде қайтадан құрылып, пандемиялық шектеулерге орай қашықтықтан оқыту әдістемелері дайындалды.
-
Токио-2020. Дархан Асаділов мерзімінен бұрын жартылай финалға өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында каратэшілер додасы жалғасуда. Қазақстандық Дархан Асаділов 67 келіге дейінгі салмақта мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Қарамағындағылардың пара алуы кесірінен Талдықорған әкімінің орынбасары жұмыстан босатылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің мониторингтік топ мүшелерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесті.
-
Ақмолалық полицейлер кісі өліміне күдікті ер адамды іздестіруде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында полицейлер адам өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды іздестіруде.
-
Алматылық дәрігер COVID-19-ға қарсы екпенің 2 дозасын алудың маңыздылығын түсіндірді
Алматы, BAQ.KZ. Вакциналанудың баяу жүруі коронавирус жұқтырғандар санының артуына әкелуі мүмкін. Вакцинация вирус мутациясының алдын алады. Бұл туралы Алматы қаласы №8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева мәлімдеді.
-
Жамбыл облысында келер жылы үш су қоймасының құрылысы басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті шаруаларға тың мүмкіндіктер сыйлайтын жаңа гидроқұрылым 2024 жылға дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
-
Қазақстандықтар медиация туралы не біледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың медиация туралы не білетіндігі туралы әлеуметтанулық сауалнаманың нәтижелерін ұсынамыз.
-
Токио-2020. Дархан Асаділов іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында каратэ спортынан жекпе-жектер басталды. Олимпиада бағдарламасына алғаш енгізілген спорт түрінен тұңғыш жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
-
Шығыста ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысында 100-ден астам инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
-
Вакцина алған студенттер мен оқытушылар ынталандыру сыйлықтарын алып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары түрлі ынталандыру сыйлықтарын ала бастады.
-
Токио-2020. Данияр Қайсанов жартылай финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен 74 келідегі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Данияр Қайсанов ширек финалдық бәсекені жеңіспен аяқтады деп жазады Olympic.kz.
-
Өскемендегі гематология орталығы әлемдік стандарттарға сай болмақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жақын жылдары Шығыс Қазақстан облысы медицинасы қарқынды дамыған өңірлердің біріне айналады.
-
Токио-2020. Данияр Қайсанов ширек финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Токио-2020: Сәкен Бибосыновтың бүгінгі жекпе-жегіне болжам
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Facebook желісіндегі «Tokya-2020: жаңалықтар және деректер» парақшасында Azattyq Ruhy ақпарат агенттігінің бас редакторы Серғали Балажан жазды.
-
Елімізде 5,5 млн-нан астам адам екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 5 тамыз күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Токио-2020. Татьяна Ахметова алғашқы айналымда қарсыласынан ұтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында әйелдер күресі бойынша жарыстар жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасынан Татьяна Ахметова кілемге шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Таразда 456 нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы орталығының «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты карантиндік шектеу шаралары күшейтілуде.
-
Токио-2020. Биіктікке секіруден қазақстандық қос атлет финалға өте алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл атлетикадан биіктікке секіру бойынша қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
COVID-19. Түркістан облысы «жасыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасында 5 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
КВИ мен пневмониядан 158 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 5 тамыздағы ақпаратты жариялады.
-
ДДСҰ: Қайта вакциналауға мораторий енгізу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйектің соңына дейін қайта вакциналауға уақытша мораторий енгізу керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус осындай мәлімдеме жасады.
-
7276 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 7276 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 7792 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 7792 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Қазан-Нұр-Сұлтан әуе рейсі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде Қазан қаласынан Қазақстан астанасына рейстерді іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды Петропавловск.news сайты.
-
«Бұдан басқа жол жоқ!» Даниал Ахметов әкімдерге тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Даниал Ахметов қала-аудан әкімдерімен шағын және орта бизнес субъектілерінің «Ashyq» бағдарламасына қатысуына байланысты кеңес өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Төлем терминалын бұзып, 1,5 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аралда базардағы төлем терминалын бұзып, 1,5 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
-
Алматы әуежайында 8 адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында коронавирусқа қарсы ПТР-тестінің жалған анықтамасын қолданған 8 тұрғын ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Токио-2020: 5 тамыздағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың жеті түрінен сайысқа түседі.
-
Чехияда жолаушылар пойызы соқтығысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чехияның батысында, Домажлице маңындағы Милавце елді мекенінде екі жолаушы пойызы соқтығысты. Полиция ондаған адамның жарақаттанып, екі кісінің мерт болғанын хабарлады, деп жазады BBC.
-
Нұр-Сұлтанда такси аялдамасы салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда көшелерінде таксиге арналған орын салынады.
-
Мырзағали Айтжанов шәкіртінің жекпе-жегіне баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Токио Олимпиадасының жартылай финалында бақ сынайтын жалғыз қазақстандық боксшы қалды. Ол – Сәкен Бибосынов. Спортшының жеке бапкері Мырзағали Айтжанов ширек финалдық жекпе-жекті қорытындылап, алдағы кездесуге қатысты ойын айтты, деп жазады Olympic.kz.
-
Токиодағы жарыста қазақ каратэшілерінің мүмкіндігі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Токиодағы Олимпиада ойындарында тұңғыш рет каратэден жарыстар өтеді. Белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин бұл сәт Шығыс жекпе-жек өнерінің жанкүйерлері үшін тарихи оқиға екенін айтты.
Наверх