Шығыс Қазақстанда азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінуде

5 Тамыз 2021, 12:44
4254
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінуде

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл облыста 1200-ден астам көпбалалы отбасы баспаналы болса да, мәселе толық шешімін тапқанға дейін қатаң бақылауда болмақ.

Облыстық мәслихаттың жетінші сессиясы барысында есеп берген өңір басшысы Даниал Ахметов, қазіргі уақытта облыста бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Атап айтсақ, қазіргі уақытта жалпы құны 166 млрд теңге қаражатқа бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынуда. Бұл, өз кезегінде өткен жылмен салыстырғанда 125 пайыздық өсіммен 647 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік туғызбақ.

Коммерциялық тұрғынүй құрылысын жүргізудің тетіктері әзірленді. Жекеменшік инвестициялар тарту арқылы жалпы ауданы 315 мың шаршы метрді құрайтын 52 коммерциялық үйдің құрылысы басталды. Бұдан бөлек, жеке тұрғынүй құрылысын дамытуға бағытталған «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы қолға алынып, аталмыш бағдарлама аясында мемлекет қаражаты есебінен тұрғын үй құрылыстары жүргізіліп жатқан аудандарда инженерлік коммуникациялар тартылуда, - деді Даниал Ахметов.

Өңір басшысының айтуынша, бұл баспана кезегінде тұрғандарға тұрғын үйді кейінгі уақытта сатып алу құқығымен алуға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, өткен жылы көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағынан азқамтылған азаматтарға арнап жеке инвесторлар салған үйлерден бес миллиард теңгеге 206 тұрғынүй сатып алынған. Ал биылғы жылы облыста жалпы құны 15,7 млрд. теңгені құрайтын бір қабатты 844 тұрғынүйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы