Былтыр елімізде 201 индустриялық жоба іске асырылған

5 Тамыз 2021, 23:13
1639
Бөлісу:
Былтыр елімізде 201 индустриялық жоба іске асырылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нәтижесінде 18,6 мың жаңа жұмыс орны құрылған. 2020 жылы индустрияландыру картасы және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталары шеңберінде Қазақстанда 916,8 млрд теңгеге 201 жоба іске асырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша (2010-2020 жылдары енгізілген) индустрияландыру картасы мен өңірлердің кәсіпкерлікті қолдау карталарының жобалары негізінде өңдеу өнеркәсібінде шамамен 4,8 трлн теңгенің (37%) өнімі өндірілген.

Оның ішінде:
Металлургия – 2,4 трлн теңге немесе 43%;
Машина жасау – 758,3 млрд теңге немесе 42%;
Құрылыс индустриясы – 159 млрд теңге немесе 24%;
Химия – 281,8 млрд теңге немесе 60%;
Фармацевтика – 101,9 млрд теңге немесе 74%;
Жеңіл өнеркәсіп – 46,6 млрд теңгеге немесе 36% өнім.

Жалпы 2020 жылы индустрияландыру картасы және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталары шеңберінде елімізде 916,8 млрд теңгеге 201 жоба іске қосылған.


Өзгелердің жаңалығы