Шетелдік заңгер Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасына қатысты пікір білдірді

5 Тамыз 2021, 15:14
2533
Бөлісу:
Шетелдік  заңгер Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Заң ғылымдарының докторы, профессор Николай Хавронюк Қазақстанның 2010-2020 жылдарға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы жобасына сарапшылық пікірін білдірді.

Жобалық тұжырымдаманы зерттеу кезінде аса үлкен жауапкершілікті сезіндім. Себебі бұл жоба жазылған соң, қабылданатыны сөзсіз. Алдағы 10 жыл үшін қызмет етіп, осыдан кейінгі тұжырымдамалар үшін де пайдаланылады. Осыған дейінгі, яғни 2010-2020 жылдардағы құқықтық саясат тұжырымдамасының орындалуына келсек, жалпы Қазақстанның қылмыстық кодексі адам құқығы мен бостандығын қорғайтын тиімді тетік. Ол жұмыс істеп тұр. Алайда онда кемшіліктер де жоқ емес, - деді Николай Хавронюк.

Заңгер бірқатар кемшілікті атап өтті.

Кодексте нақты ұстанымдар айқындалмаған. Бізде Украинада соттың барлық шешімі кейін Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотта сыналады. Сондықтан да біз Украинада қабылданатын әрбір сот шешімін алдын ала еуропалық соттың стандартымен салыстырамыз. Бұл стандартта сот төрелігі мен заң айқындылығы, заңдық жауапкершілік, теңдік сынды дүниелер басымдыққа алынады. Бұл стандарттар қылмыстық заңда көрсетіліп, ашық айтылғанда қылмыстық кодекстің барлық қосымшасы осы ұстанымдар арқылы жүзеге асырылады, - деді ол.

Оның айтуынша, заң шығарушы Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізген кезде де осы ұстанымдарға жүгінуі керек.

Заң шығарушы жазаның түрлерін ойдан құрастырмайды. Ол заң айқындылығы ұстанымы сақталатынына көңіл бөледі. Осыған дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы еківекторлы саясат тәртібін сақтаған, - деді ол.

Еліміздің 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын 2009 жылғы тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткенін айта кетейік. Бүгінгі іс-шараны Құқықтық саясатты зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Тұжырымдама 5 негізгі бөлімнен тұрады және 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік құқықтық саясаттың бағыттарын қамтыды. Бүгін сарапшылар тұжырымдаманың 2030 жылға дейінгі қылмыстық сот төрелігі бағытын сарапқа салды.

Өзгелердің жаңалығы