Таразда әкімдік қызметкерлері жауапқа тартылды

5 Тамыз 2021, 18:35
2754
Бөлісу:
Таразда әкімдік қызметкерлері жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары карантин кезінде кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданбағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен ақша алған. 

Бұл туралы Антикор хабарлады.

Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж. Ізбасаров мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 млн теңге сомасында айыппұлға, Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы А. Сүйінбеков мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1,5 млн теңге айыппұлға «KIDS Park» балалар ойын-сауық орталығының әкімшісі Б. Шілдебаев мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 млн теңге айыппұлға жазаланды, - делінген хабарламада.

Ізбасаров пен Сүйінбеков алдау және сенімге қиянат жасау жолымен, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның ақшасын иемденіп, карантин кезінде кешеннің кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданбағаны үшін «KIDS Park» ойын-сауық орталығының әкімшісі Б. Шілдебаевадан жалпы сомасы 200 мың теңге болатын қаржы алды деп күдікке ілінді.

Сондай-ақ Шілдебаева Тараз қаласы әкімдігінің аталған лауазымды тұлғаларына жалпы сомасы 200 мың теңге пара берді деген күдікке ілінді.

Өзгелердің жаңалығы