Жамбыл облысының 10 тұрғынына үй карантинін бұзғаны үшін айыппұл салынды

5 Тамыз 2021, 17:13
3264
Бөлісу:
Жамбыл облысының 10 тұрғынына үй карантинін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының 10 тұрғынына үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салынды. 

Олар оң ПТР тесті нәтижесі бола тұра қоғамдық орындарға барып, ASHYQ бойынша жұмыс істейтін нысандарда – ХҚКО, дәмхана, жоғарғы оқу орындары және т.б. нысандардың қызметтерін пайдаланған.

Азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу» бойынша 87 510 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.         

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындардан үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ ASHYQ жобасына қатысатын кәсіпкерлер мен мекеме басшыларына Сізден жобаның талаптарын ұстануды өтінуде.

Жамбыл облысында «қызыл» мәртебесі бола тұра 14 күндік үй карантинін бұзғандар тізімі: 

1.       Тапелова Элмира Нарботаевна – Сарысу ауданы;

2.       Ахилбекова Жамиля Жумабаевна – Тараз қаласы;

3.       Даулет Елжан Мухиддинулы – Тараз қаласы;

4.       Мусаева Эльмира Джабаровна – Талас ауданы;

5.       Абдиханова Анара – Тараз қаласы;

6.       Нурбеков Талгат Балтабекович – Тараз қаласы;

7.       Уразалиева Айгуль Ерболатовна – Тараз қаласы;

8.       Каленбеков Орунбай – Тараз қаласы;

9.       Маханбетхан Мақсат Бегежанұлы – Тараз қаласы;

10.     Танатаров Ержан Асканбекович – Тараз қаласы.

Өзгелердің жаңалығы