Таиландта күннен қорғайтын кремді пайдаланатындарға айыппұл салынады

5 Тамыз 2021, 15:07
4293
Бөлісу:
Таиландта күннен қорғайтын кремді пайдаланатындарға айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Крем құрамындағы химиялық заттар Таиланд суларындағы коралдарды құртады екен. Сол себепті ел билігі кремдерді пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған.

Таиланд үкіметі күннен қорғайтын кремдерді пайдалануға тыйым салды. Ал заңға бағынбай, оны қолданатындарға айыппұл салынады.

Бұл туралы Bangkok Post хабарлады.

Таиландтың ұлттық парк, жабайы табиғат және өсімдік мемлекеттік департаментіндегілер бұл шешім өңірдің бірегей табиғатын қорғауға септігін тигізеді дейді.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес күннен қорғайтын кремдердің құрамындағы кейбір химиялық қосылыс коралдарға зиянын тигізеді. Сонымен қатар олар коралдың репродуктивті жүйесіне әсер етіп, түссізденуіне себептеседі, - деп мәлімдеді департаменттің бас директоры Таня Нетитаммакул.

Таиланд теңіз жанындағы ұлттық парктер аумағындағы жағажайларда құрамында келесі заттар бар күннен қорғайтын кремдерді қолдануға тыйым салынған:

- оксибензон;

- октиноксат;

- камфораның 4-метилбензилидені;

- бутилпарабен.

Енді жағажай қызметкерлері теңіз парктеріне келушілердің кремдерін кіреберісте алып қалып, шыққан кезде ғана береді. Ал заңға мойынсұнбай алып кірсе, 100 мың бат айыппұл төлейтін болады. 

Өзгелердің жаңалығы