Токио-2020: Дархан Асаділовтің жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

5 Тамыз 2021, 13:00
3562
Бөлісу:
Токио-2020: Дархан Асаділовтің жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каратэден 67 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасының жартылай финалдық жұптары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

«А» тобында сынға түсіп, барлық қарсыластарынан басым түскен Дархан Асаділов өз тобында бірінші алды. 

Жартылай финалда Дархан «В» тобының көшбасшысы, франциялық Стивен да Костамен кездеседі. 

Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады. 

Өзгелердің жаңалығы