Елордалық жас гимнастшылар халықаралық турнирде топ жарды

5 Тамыз 2021, 20:25
5014
Бөлісу:
Елордалық жас гимнастшылар халықаралық турнирде топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжан астанасы Бакуде «GumKids» кіші жастағы гимнастшылар арасында онлайн халықаралық турнирі өтті.

Онлайн турнирге Қазақстан, Франция, Әзербайжан және Түркия елдерінен 100 ден аса спортшы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байрақты бәсекеге елордадан 13 жас гимнастшы аттанды.

Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар топ жарып, жүлделі орындардан көрінді. Динара Ерғалиева жаттықтыратын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері жалпы есепте жетеуі бірінші орын, төртеуі екінші орын, екеуі үшінші орын иеленді.

Жаттықтырушылары қыздардың өнерін ерекше бағалап, жарыста жоғары нәтиже көрсеткендерін атап өтті.

Жарыс жоғары деңгейде өтті. Әр спортшы үшін жарыс үздіксіз жаттығу нәтижесін көрсететін кезең. Қыздарымыз үшін бұл бірінші жарыс болды. Дегенмен барлығы жақсы деңгейде өнер көрсетіп, жүлдегер атанды, — деді Динара Ерғалиева.

Елордалық жас гимнастшылар халықаралық турнирде топ жарды

Спорт мектебіне былтыр қабылданған жеті жастағы Альфия Ибраева өзінің алғашқы бәсекесінен алған әсерін жасырмады.

Бұл менің алғашқы жарысым. Барлығын жаттықтырушым үйреткендей жасадым. Орын алғаным үшін өте қуаныштымын, - деді Халықаралық турнирдің екінші орын иегері Альфия Ибраева.

Жас гимнастшыларымыздың Халықаралық додадағы нәтижелері:
  • Ляйсан Ғали 2013 ж, С санаты (Затсыз) — бірінші орын;
  • Айшабегім Құрманбек 2014 ж, А санаты (Затсыз және доппен) — бірінші орын;
  • Айдария Кұдайберген 2013 ж, С санаты (Затсыз және доппен) — бірінші орын;
  • Айша Ерланқызы 2014 ж, Б санаты (Затсыз) — бірінші орын;
  • Аружан Базарбек 2014 ж, Б санаты (Затсыз) — бірінші орын;
  • Талшын Махамбет 2014 ж, С санаты (Затсыз) — бірінші орын;
  • Әнел Рақымжанова 2013 ж, С санаты (Затсыз) — бірінші орын;
  • Альфия Ибраева 2013 ж, С санаты (Затсыз) — екінші орын;
  • Дария Ізтілеу 2013 ж, А санаты (Затсыз және доппен) — екінші орын;
  • Сабина Ерлан 2013 ж, С санаты (Затсыз және доппен) — екінші орын;
  • Айна Шаңбай 2014 ж, А санаты (Затсыз және доппен) — екінші орын;
  • Жәнел Кенженова 2013 ж , А санаты (Затсыз және доппен) — үшінші орын;
  • Інжу Гауһартас 2014 ж,  Б санаты (Затсыз) — үшінші орын.
Өзгелердің жаңалығы