Төрешілердің шешімімен соңғы екі раундта Бибосынов ұтқан – Серік Сәпиев

5 Тамыз 2021, 21:37
6597
Бөлісу:
Төрешілердің шешімімен соңғы екі раундта Бибосынов ұтқан – Серік Сәпиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен онлайн конференциясында Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев мәлімдеді.

Олимпиада сәтсіз аяқталды. Себебі түсінікті, алтын алмадық. Мен Олимпиада төрешілерін объективті болады деп ойладым. Кешегі жартылай финалдық кездесуде Сәкен Бибосынов ұтқан еді. Сәкен бірінші раундта 5:0 есебімен қарсыласқа жол берді. Қалған екінші және үшінші раундттарда 3:2 есебімен Бибосынов жеңіске жетті. Ал қорытынды есеп бойынша 3:2 болып, ағылшындық боксшының пайдасына шешілді. Осы жерде төрешілер жекпе-жекте дұрыс төрелік етті ме, деген сұрақ туындайды, -деді ол.
Сонымен қатар брифинг барысында Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы жекпе-жек кезіндегі төрешіліктің әділдігіне баға берді.

Сәкеннен үміт күттік. Олимпиададағы қарсыластарын жеңетін мүмкіндігі бар еді. Айта кетер жайт, бұл жерде бірінші раунд бәрін шешіп үлгерді. Бірінші раунд қортындысы 5:0 есебімен жеңіс қарсыласқа берілді. Сәкен қалған екі раундта басым түссе де, қортынды есеп 3:2 есебімен Джалал Яфаидың пайдасына шешілді, - дейді бас жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев.

Оның айтуынша, Джалал Яфаиды жеңдік деп қарсылық көрсете алмаймыз. Себебі, Токио Олимпиадасында шағымдар қаралмайды.

Бұл Олимпиададағы бокс IBA ережесімен өтіп жатқан жоқ. Сол себепті қарсылық көрсетуге болмайды. Мұны Олимпиада басталмас бұрын ескерткен. Бұл дегеніміз шағымдар қаралмайды деген сөз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы