ҚТЖ ұжымының 70%-дан астамы ковидке қарсы екпе алды

5 Тамыз 2021, 16:58
2503
Бөлісу:
ҚТЖ ұжымының 70%-дан астамы ковидке қарсы екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 78 мыңнан астам қызметкер COVID-19-ға қарсы вакцинацияланды.

Бұл барлық ұжымның 70,6%-ын құрайды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Оның ішінде қызметкерлердің 48,7%-ы вакцинаның екі компонентін алып, егу курсын толық аяқтады.

Теміржолшылар егуді тікелей жұмыс орындарында алады, ол үшін медицина қызметкерлері шақыртылады. Егу пункттері депода және қызметкерлер күн сайын ауысым алдындағы тексеруден өтетін станцияларда жұмыс істейтін медициналық кабинеттер базасында орналастырылады.

Екпе алу процедурасының емханалардағыдан еш айырмашылығы жоқ. Вакцинация алдында міндетті тексеру, артериялық қысымды өлшеу, қызметкердің денсаулық жағдайын бағалау.

Вакцинация күніне дейін дәрігерлер қызметкерлермен алдын ала онлайн-жүздесулер өткізіп, онда екпе егудің пайдасы туралы айтылады. 

Өзгелердің жаңалығы