Токио-2020. Татьяна Ахметова алғашқы айналымда қарсыласынан ұтылды

5 Тамыз 2021, 09:43
7076
Бөлісу:
Токио-2020. Татьяна Ахметова алғашқы айналымда қарсыласынан ұтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында әйелдер күресі бойынша жарыстар жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасынан Татьяна Ахметова кілемге шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында 53 келіде бозкілемге шыққан Татьяна Ахметова алғашқы айналымда қарсыласына жол берді. Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері, Польша спортшысы Роксана Марта Засинадан 3:2 есебімен жеңілді. 

Айта кетерлігі, Польша өкілі Роксана Марта Засина финалға шыққан жағдайда отандасымыз Татьяна Ахметова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады. 

Өзгелердің жаңалығы