Токио-2020. Дархан Асаділов іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

5 Тамыз 2021, 11:02
3625
Бөлісу:
Токио-2020. Дархан Асаділов іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында каратэ спортынан жекпе-жектер басталды. Олимпиада бағдарламасына алғаш енгізілген спорт түрінен тұңғыш жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Бүгін 67 келіге дейінгі салмақта Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов сынға түсуде деп жазады Olympic.kz.

Жарыс ережесі бойынша спортшылар А және В тобына бөлінген. Әр топтағы бес спортшы бір-бірімен өзара кездесулер өткізіп, ең көп ұпай жинаған екі каратэші жартылай финалға жолдама алады. 

Дархан өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Асаділовтың тобында түрік спортшысынан бөлек, Фирдовси Фарзалиев (Әзірбайжан), Наото Саго (Жапония) және Әли Әл Сави (Египет) бар. 

Айта кетелік, каратэден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды.

Өзгелердің жаңалығы