Ресейлік «Эпиваккорона» вакцинасының тиімділігі шамамен 80%-ды құрады

5 Тамыз 2021, 21:56
3949
Бөлісу:
Ресейлік «Эпиваккорона» вакцинасының тиімділігі шамамен 80%-ды құрады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ресейлік «Эпиваккорона» вакцинасының тиімділігі екпе салдырғаннан кейінгі 42-күні шамамен 80% құрады.

Коронавирусқа қарсы IgG антиденелері аралық клиникалық зерттеулер кезінде еріктілердің 79%-ында анықталды.

Тәуелсіз тексеруге 2 999 адам қатысты. Зерттеудің алдын-ала нәтижелері вакцинаның иммунологиялық тиімділігін көрсетеді. «Эпиваккорона» - «Вектор» мемлекеттік ғылыми орталығы пептидтік платформада жасаған вакцина. 

Украина азаматтары коронавирус инфекциясына қарсы Pfizer және Moderna-ны таңдайды. 

Өткен тәулікте украиндықтардың вакциналау бойынша рекордтық саны тіркелді – 159 121 адам: 95 690 бірінші дозасын алса, екінші компонентін 63 431 адам салдырған. 

Қазіргі уақытта бұл елде COVID-19 вакциналарының 4 түрі қолданылады - Pfizer/BioNTech, Мoderna, CoronaVac, AstraZeneca. Алғашқы екі түрі ең көп таңдауға ие болды. 

Иммундау науқаны басталғаннан бері 6 070 323 екпе жасалды. 3 855 095 адам бірінші дозамен, 2 215 230 екінші дозамен вакцинацияланды.

Өзгелердің жаңалығы