Қазақстандықтар жаңа көліктерді уақытша тіркей алмайды

5 Тамыз 2021, 18:20
1588
Бөлісу:
Қазақстандықтар жаңа көліктерді уақытша тіркей алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 5 тамызда кеден ақпараттық жүйесінде туындаған ақауға байланысты ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жаңа автомобильдерді тіркеу уақытша тоқтатылды. 

Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет МК хабарлады.

Есепке қою кезінде автоХҚКО операторлары жаңа көлік құралдарының тіркеуін жүргізе алмай отыр – кеденнің деректер базасындағы ақау салдарынан мемлекеттік орган өтініштерді кері қайтарып жатыр.

Ақауға байланысты жаңа көлік құралдарын есепке қою қызметі қолжетімсіз. Бұл азаматтардың тікелей автосалондардан сатып алатын жаңа көліктерге қатысты. Жауапты орган ақпараттық жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін азаматтардан кешірім сұраймыз, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сервис жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев.

Жүйенің қалпына келгені және жаңа автокөліктерді тіркеу қызметінің жандануы туралы клиенттерге қосымша хабарланатын болады.



Өзгелердің жаңалығы