Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

5 Тамыз 2021, 19:54
3795
Бөлісу:
Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Nur Alem болашақ энергиясы музейінің жанында қала тұрғындары мен қонақтарға арналған көрме ұйымдастырылды.

Демалушылар EXPO аумағында Саид Атабеков, Арыстанбек Шалбаев және Молдақұл Нарымбетов, Мұрат Ділманов сияқты көрнекті қазақстандық суретшілердің жұмыстары мен қатар белгілі ресейлік Валерий Казас пен Андрей Люблинскийдің туындыларын тамашалай алады.

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Бұл жобаны «QazExpoCongress» ҰК» АҚ мен Еуразиялық мәдени альянс компаниясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жүзеге асырып отыр.

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Өздеріңіз білетіндей, БҰҰ-ның 74-ассамблеясында 2021 жыл креативті индустрия жылы болып белгіленді. Қазіргі таңда креативті индустрия әлем экономикасының маңызды драйверіне айналып отыр. Атап айтар болсақ, сән және киноиндустрия, IT және т.б салаларында дамып отыр. Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық компания EXPO-ның іскерлік алаңында өнер туындылар көрмесін ұсынып отырмыз. Сол себепті бүгін таңда алаңға 5 тұрақты объектіні және 7 уақытша туындыларды орналастырдық. Онымен қоса біз аумақта гүлдермен безендіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл арқылы бізге келушілерге барлық жағдайды жасағымыз келді. Алаңды тек IT технологиялар мекені емес, жалпы адамдар серуендеп, демалатын орынға айналдырмақпыз, - деді «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Еркімбаев Дәулет.
Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Сонымен қатар ол жобаның алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Біз шілдеден бастап қыркүйек айына дейін түрлі шараларды қолға алатын боламыз. Осы шара біткеннен кейін 1940 жылдан бері қарайғы отандық суретшілердің фотокөрмесін ұйымдастырамыз. Әрине, іс-шаралар барысында карантиндік талаптарды қатаң сақтаймыз. Nur Alem сферасына күніне 1200 астам қонақ келеді. Ал демалыс күндері келушілер саны тіптен артып кетеді. Сол себепті алдағы уақытта да пандемия кезінде тәртіп басты назарда болады, – деді ол.
Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Көрсетілім кезінде көпшілікке ресейлік Анастасия Силкинаның туындысы «Компьтерные Клавиши» мүсіні таныстырылды.

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Бұл жерде көбіне IT мен бағдарламалау бағыттарында жұмыс істейтін мамандар жүреді. Бұл пернетақта батырмаларының қойылыуының да себебі осы. Аумақтың атмосферасын сезіндіру мақсатында қолданылды. Дизайн мен өнердің басты айырмашылығы оның қызметінде. Яғни, қазір көріп отырған өнер туындымыз пернетақталар келушілердің отырып демалуына мүмкіндік беріп отырған өнер туындысы, - дейді Еуразиялық мәдени альянстың негізін қалаушылардың бірі, куратор және көркемдік кеңесші Владислав Слудский .
Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Оның айтуынша, балалардың шимайы секілді салынған бейнелер заманауи өнердегі жаңа бағыт.

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Ол Санкт-Петербургтен шыққан мүсінші Андрей Люблинскидің «Пиксельные айтишники» атты кескіндемесінің мағынасын түсіндірді.

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Бұл «Пиксель адам» бейнесіне қарап көрермен ойланып жатпайды. Бәрі бірден түсінікті. Олардың гаджеттері оңай әрі түсінікті болса, бұл мүсін сол заңдылықтар негізінде жасалған. Қарап отырсаңыздар, оның барлық мүшесінің өлшемі бірдей. Артық ештеңеге назар аударып керек емес. Көзге көрінсе ми бірден қабылдайды. Бұл мүсіннің ерекшелігі осында,- деді Владислав Слудский.
Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ
Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Айта кетейік, іскерлік аумақта көрмеден бөлек апта сайын көше музыканттарының қойылымдары өтеді. Сонымен бірге көркем және заманауи әлем әдебиеттерінің қоры жинақталған екі итерактивті кітапхана жұмыс істейді.

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Елордадағы Nur Alem музейінде күзге дейін көрме ұйымдастырылмақ

Өзгелердің жаңалығы