Түркістан. Келес ауданына 1 млрд теңгеден астам инвестиция тартылмақ

5 Тамыз 2021, 22:26
3390
Бөлісу:
Түркістан. Келес ауданына 1 млрд теңгеден астам инвестиция тартылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Келес ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына 334 млн теңге инвестиция тартылды.

Бұл көрсеткішті биылғы жылдың 9 айында 1 млрд 165 млн теңгеге жеткізу көзделуде. Жалпы өнім көлемі бойынша облыстағы Келес ауданының үлесі 6,8 пайызды құрайды.

Келес ауданында 14,5 млрд теңгенің көлемінде ауыл шаруашылығы саласы өнімдері өндіріледі. Оның ішінде 12 млрд теңгеге жуығы мал шаруашылығы өнімдері, 2 млрд 750 млн теңге өсімдік шаруашылығы өнімдері. 

Жалпы биылғы жылы өндірілетін өнім көлемі 60 млрд теңгеден аспақ. Елдегі пандемиялық жағдайға қарамастан, жыл соңында жоспар артығымен орындалады деп күтілуде. 

Биыл өңірде әртараптандыру әдісімен ауыл шаруашылығы дақылдарын 24 500 гектарға жеткізу немесе өткен жылғы егіспен салыстырғанда 300 гектар артық орналастыру жоспарланған. Бүгінгі күнге жер жырту жұмыстары 100 пайызға орындалып отыр. Көбіне көкөніс, дәндік жүгері мен мал азығы егілді. 

Нақты атап өтсек, бидай – 1784 гектарға, дәндік жүгері – 3750 гектарға, бұршақты астық – 439 гектар, көкөніс – 10254 гектар, көкөніс – 10254 гектар, техникалық дақыл – 243 гектар, бақша – 2266 гектар, картоп – 2102 гектар, мал азығы – 3662 гектарға аумаққа егілген.


Өзгелердің жаңалығы