Ashyq.kz арқылы «қызыл» мәртебесі бар 8 мыңға жуық азамат анықталған

5 Тамыз 2021, 15:28
2622
Бөлісу:
Ashyq.kz арқылы «қызыл» мәртебесі бар 8 мыңға жуық азамат анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook-тегі парақшасында елімізде Ashyq жобасының барысы жайлы, осы жүйе арқылы анықталған заңбұзушылар жайында айтып өтті.

Оның сөзінше, қазір Ashyq жобасына қатысушылар саны 4 есе ұлғайды. Яғни 88 570-ке жетті.

Егер бұрын біз жобаға көбінесе қоғамдық тамақтану орындары қатысып жатыр десек, қазір сауда кәсіпорындары да жаппай белсенділік танытуда. Ел бойынша 700-ден астам ірі сауда орталығы мен жабық базар Ashyq жобасының қатысушысы атанып отыр. Бұл дегеніміз егер орта есеппен сауда ойын-сауық орталықтарында 300 арендатор бар десек (кей кезде олардың саны 2 есеге көп болады), жобамен қамтылған сауда нысандары 200 мыңнан асып кеткен, - дейді ол.
Сонымен қатар ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары бір айда анықталған «қызыл» мәртебесі бар карантин бұзушылар саны күніне 184-тен 1916-ға өскенін атап өтті.
Енді Ashyq жобасы арқылы анықталған сырқаттанушылық туралы сөз қозғасақ. Ірі сауда нысандарының жобаға енуімен заңбұзушылардың анықталуы арасында өзара байланыс байқалып отыр. Бір айда анықталған «қызыл» мәртебесі бар карантин бұзушылар саны күніне 184-тен 1916-ға өскен. Яғни 10 есе өсті деген сөз. Бұл ретте мәртебені тексеру үшін үйден шығудың қажеті жоқ екенін айтып өткім келеді. Арнайы сервис - Ashyq.kz сайты бар. Сайттың көмегімен күнделікті 400 мың адам өз мәртебесін онлайн түрде анықтауға мүмкіндік алып отыр. Күніне сайт арқылы «қызыл» мәртебесі бар 7 700 азамат тіркеледі. Аман болыңыздар!, - деді Юлия Якупбаева.

Өзгелердің жаңалығы