«Бұдан басқа жол жоқ!» Даниал Ахметов әкімдерге тапсырма берді

5 Тамыз 2021, 07:11
3025
Бөлісу:
«Бұдан басқа жол жоқ!» Даниал Ахметов әкімдерге тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Даниал Ахметов қала-аудан әкімдерімен шағын және орта бизнес субъектілерінің «Ashyq» бағдарламасына қатысуына байланысты кеңес өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Бизнестің жұмысын тұралатып алмай, халықтың да қауіпсіздігін қаперден шығармай, қалыпты тұрмысты қамтамасыз етудің бұдан басқа жолы жоқ, – деп шегелеп айтты Шығыс әкімі.
Аймақ басшысы әкімдерге 20 тамызға дейін кәсіпкерлермен кездесіп, «Ashyq» бағдарламасына қанша кәсіпкер қатысып жатқанын, қалғандарының дайындығы қай деңгейде екенін, бағдарламаға қосылуда қандай да бір кедергілер бар-жоғын анықтауға тапсырма берді.

Вакциналауға келетін болсақ, екпе алып жатқандардың қарқыны жақсы. Бүгінгі таңда біз күніне 13 мыңға жуық вакцина дозасын саламыз, алдағы уақытта күніне 16 мың дозаға дейін жетеді деген жоспар бар. Біз тек осылай ғана коронавирус инфекциясының таралуын төмендетіп, жақындарымызды осы індеттен құтқара алатынымызды ескеруіміз керек, – деді Даниал Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы