Токио-2020. Данияр Қайсанов жартылай финалға шықты

5 Тамыз 2021, 10:35
3088
Бөлісу:
Токио-2020. Данияр Қайсанов жартылай финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен 74 келідегі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Данияр Қайсанов ширек финалдық бәсекені жеңіспен аяқтады деп жазады Olympic.kz. 

Қайсанов ширек финалда египеттік Амр Реда Хуссенмен кездесіп, 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда Данияр Қайсанов әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Сидаковпен кездеседі. 

Белдесу Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-ге жоспарланған. 

Өзгелердің жаңалығы