Токио-2020: Данияр Қайсанов жартылай финалда тізе бүкті

5 Тамыз 2021, 16:26
4508
Бөлісу:
Токио-2020: Данияр Қайсанов жартылай финалда тізе бүкті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының жартылай финалдық белдесулер аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған салмақта қазақстандық Данияр Қайсанов сынға түскен болатын. Финал жолдамасы үшін таласта Қайсанов екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Судаковпен белдесті. 

Кездесу ресейлік балуан үшін айтарлықтай қиын болған жоқ. Ол 11:0 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың финалына өтті. 

Данияр Қайсанов өз салмағындағы қола жүлдеге таласады. 

Өзгелердің жаңалығы