Ел қоржынында тағы бір медаль. Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды

5 Тамыз 2021, 16:43
5110
Бөлісу:
Ел қоржынында тағы бір медаль. Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы қола медаль үшін кездесулер басталды. Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды, деп жазады Olympic.kz. 

Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты. 

Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев намысты қолдан бермеді. 

Бұл қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі екенін естеріңізге саламыз. 

Бұған дейін Сәкен Бибосынов бокстан 52 келі салмақтағы қола жүлдегер атанғанын хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы