Нұрислам Санаев: Барша жанкүйерге алғыс айтамын

5 Тамыз 2021, 22:45
3143
Бөлісу:
Нұрислам Санаев: Барша жанкүйерге алғыс айтамын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев төртжылдық додасын қорытындылады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Кешегі жартылай финал мен күткендей болмады. Финалға шыға алмадым. Содан соң дереу жиналып, қоланы қолдан бермеуге тырыстым. Әрине, Токиоға алтын алсам деп келіп едім. Бірақ үшінші орынның өзі үлкен жетістік. Маған қолдау көрсеткен барша жанкүйерге бас иіп, алғыс айтамын. 

Үндістандық қарсыласыммен екі рет кездесіп, екеуінде де есе жібергенмін. Ол өте мықты балуан. Мен де бар күшімді салдым, бірақ жеңіске сәл жетпей қалды. Қалай ұтылғанымды өзім де түсінбей қалдым. Үнді балуаны мен үшін өте ыңғайсыз қарсыластардың бірі. Оң жамбасыма келмеді.

Әзірге, алдағы жоспарларым туралы ештеңе айта алмаймын. Дайындықты тоқтатпаймын. Олимпиадада жүлдегерлер қатарына енгенімен қуаныштымын. Бұл әр спортшы үшін қуанышты жағдай, - деді Санаев. 


Өзгелердің жаңалығы