Токио-2020. Қазақстан 7 қоламен жүлделер кестесінде 76-орынға төмендеді

5 Тамыз 2021, 20:55
3876
Бөлісу:
Токио-2020. Қазақстан 7 қоламен жүлделер кестесінде 76-орынға төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақстандық спортшылар ел қоржынын 2020 жылғы Олимпиаданың үш қола медалімен толықтырды. Боксшы Сәкен Бибосынов, еркін күрес шебері Нұрислам Санаев және каратэші Дархан Асадилов жүлдегерлер атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Жарыстың он үшінші күні Қазақстан жеті қола медальмен медальдық есепте 76-шы орында тұр.

Қытай бұрынғысынша көш бастап тұр (34-24-16), екінші орында  АҚШ (29-34-27), үшінші орында Жапония (22-10-14).

Посткеңестік елдердің ішіндегі ең жақсы көрсеткіш Ресейде - бесінші  (16-22-20). Одан төменде Өзбекстан  32-ші (2-0-1), Украина  36-шы (1-3-9), Беларусь  49-шы (1-1-1), Эстония және Латвия  56-шы (1-0-1), Армения және Қырғызстан  66-шы (0-2-1), Түркіменстан  73-ші (0-1-0) және Әзірбайжан 77-ші (0-0-3) орында.

2020 жылғы Олимпиаданың 5 тамыздағы үздік ондықта:

1. Қытай — 34-24-16 

2. АҚШ — 29-35-27 

3. Жапония — 22-10-14 

4. Аустралия — 17-5-18 

5. Ресей — 16-22-20 

6. Ұлыбритания — 16-18-17 

7. Германия — 9-9-16 

8. Италия — 7-10-18 

9. Франция — 7-10-9 

10. Нидерланды — 7-9-10 

76. Қазақстан — 0-0-7.


Өзгелердің жаңалығы