Токио-2020: Сәкен Бибосыновтың бүгінгі жекпе-жегіне болжам

5 Тамыз 2021, 10:05
3993
Бөлісу:
Токио-2020: Сәкен Бибосыновтың бүгінгі жекпе-жегіне болжам

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Facebook желісіндегі «Tokya-2020: жаңалықтар және деректер» парақшасында Azattyq Ruhy ақпарат агенттігінің бас редакторы Серғали Балажан жазды.

Мұнда көрермендер және спорт журналистері Олимпиада туралы өз пікірлерін ортаға салады.

Ертең Олимпиада ойындарындағы Қазақстанның соңғы боксшысы Сәкен Бибосынов рингке шығады. Қарсыласы – британдық Галаль Яфай. Галал үлкен жарыстарда топ жармаса да өте тәжірибелі боксшы. Жасы 29-да. Ол өте жылдам, қорғанысы өте мықты, әрбір шабуылы кемі 3 соққыдан тұрады, - деп жазды Серғали Балажан. 
Оның сөзінше, Галаль Яфай  Сәкенге өте қиын, ыңғайсыздау қарсылас болайын деп тұр.
Бірақ Сәкен Олимпиадаға кездейсоқ келген бала емес, оның үстіне жаттықтырушысы – Мырзағали Айтжанов. Жақын ұрысқа кірмей, арақашықтықта сақтап төбелессе сөзсіз жеңеді, - деді ол.

Болжам бойынша жерлесіміз аз ғана ұпай айырмасымен жеңіске жетеді.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов өткен ширек финал үшін жекпе-жекте испаниялық Габриэль Эскобармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы