Все новости за 5 қыркүйек 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордада дәстүрлі тіл фестивалі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні, деп хабарлады Елорда Инфо.
-
Мумбайда халық топан судан әбігерге түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мумбай қаласында су тасқыны жергілікті тұрғындарды әбден әбігерге салды, деп хабарлады 24.kz.
-
Шығыс Қазақстанда тұрғыны аз 8 ауыл таратылатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде бүгін облыстық әкімдікте өткен қоғамдық тыңдау барысында белгілі болды, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Түркістан: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының жұмысы жанданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында тұрақтандыру қоры жұмысының тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі-ӘМАТ) бағасының өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмыстың жаңа тетігі әзірленді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанда шетел тәжірибесіне негізделген алимент төлеу қоры құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде шетел тәжірибесі негізінде алимент төлеу қоры құрылуы мүмкін. Бұл мәселе алдағы уақытта Парламентте қаралады. Бүгінде алиментті сот арқылы өндіріп алудың жолдары қандай? Бұл туралы Алматы аудандық сотының судьясы кеңес береді, деп жазды «Аstana-akshamy» басылымы.
-
Елімізде қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлер саны 25% азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 28 іс-шарадан тұратын үш жақты жоспарға қол қойылып, қазіргі уақытта оның ішіндегі 6 іс-шара қолданысқа енгізілген. Бұл туралы 24 kz сайтында хабарланды.
-
Алматы облысының полицейлері 4 күн ішінде 19 заңсыз қаруды тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары 17 облыс тұрғынының тіркелмеген, заңсыз қару-жараққа қатысы барын анықтап, олардан 19 мылтықты тәркіледі. Оның екеуі – ойық мылтық, 9 дана тегіс ұңғылы аңшы мылтығы және 8 дана травматикалық және газбен атылатын қару болып шықты. Бұл туралы taldykorgan-online.kz сайтында хабарланды.
-
Қызылордалық зияткерлер білім рейтингісінде алғашқы ондыққа енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша қызылордалық зияткерлер информатика және қазіргі әлемдегі Қазақстан пәндері бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, 20 зияткерлік мектептер арасында көш бастап тұр. Ал бітіруші сынып оқушыларын сыртқы суммативті бағалау қорытындысы бойынша мектеп білім рейтінгісінде алтыншы орынға шықты. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтында хабарланды.
-
Биыл Павлодар облысында шомылу маусымы кезінде 33 адам қаза болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шомылу маусымында көз жұмғандардың ішіндегі 10-ы – бала. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.
-
Түркістан облысында оқушының үстіне футбол қақпасы құлап, қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің 8-сынып оқушысы жансақтау бөлімінде операция кезінде қайтыс болды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
-
Елордалық мектепте газ баллоны шашырап кетіп, 9 бала ауруханаға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық №54 мектепте абайсызда газ баллоны шашырап кетті, деп хабарлады Елорда Инфо.
-
Өскеменде жас суретшілердің көрмесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KS. Өскеменде суретші балалардың көрмесі өтеді. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
-
Биыл 10,7 мыңнан астам этникалық қазақтар Қазақстан азаматтығын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың басынан бері көрші елдерден тарихи отанына оралған 10,7 мыңнан астам этникалық қазақтар Қазақстан азаматтығын алды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Astana Marathon-2019 кезінде елордада бірқатар көше уақытша жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Marathon-2019» халықаралық марафоны өтеді.
-
Түркістан облысында 112 шақырым жерге жол төселеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында «Ауыл ел - бесігі» жобасы аясында 100-ден аса жоба жүзеге асады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Жолдауын іске асыруға арналған облыс актив жиынында мәлімдеді, деп хабарлады әкімінің баспасөз қызметі.
-
Сағынтаев: Алматы – тек тау шаңғысы курорты ғана емес
Алматы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тау шаңғысы аспектісінде тұралап қалмай, қаланың бай туристік әлеуетін дамыту қажет екенін атап өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ақтөбеде «Нұрлы жер» бойынша 27 үй салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр – Ақтөбе ықшам ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан пәтерлер көрсетілді. Биыл 27 көпқабатты үй қолданысқа беріледі, деп хабарлады Aktobenews.kz.
-
Ресейліктер төлемді бет жүзін көрсету арқылы жасайтын болады
Алматы, BAQ.KZ. "Ростелеком" қазан айында тауар мен қызмет түрлерін бет жүзін көрсету арқылы төлейтін жүйені енгізбек.
-
Жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй беру ережесі бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтында жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары жарияланды.
-
Тоқаев Қазақстан мұнай-газ саласының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, еліміздегі мұнай-газ кешенінің барша еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Маңғыстауда «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-нің бастамасымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінде «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтіп жатыр.
-
Алматыда цифрландыру мәселесі бойынша басқарма құрылады
Алматы, BAQ.KZ. Жаңа басқарманың міндеті — келер жылдың аяғына дейін қажетті мемқызметтерді толық автоматтандыру. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін қала активінің отырысында айтты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
-
Павлодарда мектеп оқушыларына Абай дәрісі өткізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Павлодар қаласында мектеп оқушыларына ақынның өлеңдері мен қара сөздері арқылы дәріс өтуде, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
-
Сағынтаев: Әрбір алматылықтың кәсіпкер болуға мүмкіндігі бар
Алматы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті қолдаудың нақтылы шаралары туралы айтты.
-
1 млрд 600 млн теңге: Министр жұмыскерлердің қанша жалақы ала алмай жүргенін айтты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде жұмыскерлердің қанша жалақы ала алмай отырғанын айтты.
-
Қаламгерлер қайыршы болмауы керек – Әнес Сарай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевпен кездесуде жазушы Әнес Сарай осылай деді.
-
Мүгедектерден ақша жымқырған шенеунік сотталып, айыппұл төледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы әкімінің экс-орынбасары кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқаны үшін сотталып, 2000 АЕК айыппұл төледі.
-
Тоқаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада қаламгерлер орталығы ашылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің І форумы аясында премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында айтты.
-
Нұр-Сұлтанда 7-11 сынып оқушылары еден жуып жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сабақтан кейін еден жуып, сыныпты тазалап кетуге 7-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары келіскен. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен апта сайынғы брифинг барысында №80 мектеп директоры Гүлмира Жарменова айтты.
-
Хабиб Нурмагомедовтің келесі жекпе-жекте алатын гонорары белігілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың промоушеннің уақытша чемпионы америкалық Дастин Порьеге қарсы жекпе-жегі үшін гонорары 6 млн долларды құрайды, деп хабарлады sports.ru.
-
ШҚО-да 1 451 көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 1 451 көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр.
-
Президент «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырын салуды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоқаев «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Атырау облысына жасаған жұмыс сапарын «Жігермұнайсервис» ЖШС-нен бастады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан мен Қытай арасында құпия келісім жоқ – Жеңіс Қасымбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек қазір әлеуметтік желіде тарап жатқан «2015 жылы Қазақстан мен Қытай арасында жасырын келісім жасалды» деген мәліметке қатысты түсініктеме берді.
-
Баян-Өлгийден шыққан ақын-жазушылардың кітап көрмесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы Ақтан Бабиұлы атындағы бұқаралық кітапхананың құрылғанына биыл 70 жыл толады. Білім ордасының торқалы тойы қыркүйектің 9-10-ы күндері аталып өтілмекші.
-
Нұр-Сұлтанда мектептің жанында қызды зорламақ болған қаскөй ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордадағы №83 мектеп-лицейі маңында ер адам 17 жастағы қызды зорлауға әрекеттенген. Абырой болғанда мектеп қызметкері көмекке келіп, полицияға хабарлаған.
-
Алматылықтардың өтініштеріне назар аудармаған басшылар жауапкершілікке тартылады – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттің негізгі міндеті — азаматтардың барлық конструктивті сауалына жедел әрі нақтылы жауап беру екенін атап өтті.
-
Қазақстан және Қытай: Өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа серпіні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарының мән-жайы туралы сұхбат берді.
-
Алматы көшелеріне тағы 1000 камера орнатылады
Алматы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі қала активінің жиналысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша айтып өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елорда әкімдігі тұрғындарға көмірді ертерек сатып алуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі тұрғындарға көмірді ертерек сатып алуға кеңес берді. Бүгінгі күні қала бойынша көмір қоры 20 мың тоннаға артық, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Тоқаев: Мұнай көлемінің азаю қаупі бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда мұнай-газ саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында жазылды.
-
Проблемалық нысандар Nur Otan мен мәслихат депутаттарының бақылауында болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңғы аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов үлестік құрылыс нысандарын қайта аралады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда Media Talks-та ұрпақ теориясын талқылайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қыркүйек күні сағат 15.00-де Қазмедиа Орталығында Astana Media Week 2019 медиа – аптаның аясында «Media Talks: МАКСИМАЛДЫ РЕПОСТ» бейресми конференциясы өтеді.
-
Тарих толқынындағы Түркістан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарих - өткен күннің күнтізбесі мен өткерген белестерінен түзелетін жылнамалар жинағы іспетті.
-
Жеңіс Қасымбек Қазақстан-Қытай жобалары жайлы: Лас әрі ескі кәсіпорындар жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде өткен брифинг барысында Қазақстан мен Қытайдың бірлескен 55 жобасы жайлы айтты.
-
Өтірікке жол бермеуіміз керек – Қабдеш Жұмаділов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әдебиетті форумдар емес, жазу үстелі жасайды. Мұндай ойды елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің І форумы барысында жазушы Қабдеш Жұмаділов айтты.
-
Жапонияда пойыз бен жүк көлігі соқтығысып, 30 адам зардап шекті
Алматы, BAQ.KZ. Жапонияның Иокогама қаласында пойызбен жүк көлігі соғылысып, 30 адам зардап шекті. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.
-
Қасымбек Қазақстан-Қытай компанияларында қанша қазақстандық азаматтың еңбектенетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде өткен брифинг барысында осындай мәліметімен бөлісті.
-
Қалдықтарды сұрыптауды насихаттағаным үшін ақша алмаймын – қоғам белсендісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада "Қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, өмір экостилі және саналы тұтыну" шеберлік сыныбы өтті. Онда «Экоклуб» қозғалысының негізін қалаушы Әсел Қоспанова қалдықтарды сұрыптау жинаудың пайдасымен бөлісті.
-
«Жолаушылар тасымалын» шетелдік басқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры болып неміс маманы Михаэль Кортюм тағайындалды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Еліміздегі қытайлық компаниялардың үлесі белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде өткен брифинг барысында еліміздегі қытайлық компаниялардың үлесін атады.
-
Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына жазды.
-
Ноғаев: Үкіметтік емес секторды дамыту – ең маңызды басымдық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баяндама жасаған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев билік пен қоғам арасындағы диалог мәселесіне айрықша тоқталды.
-
Қыркүйекте ауа райы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК қыркүйек айына арналған ауа райына болжам жасады.
-
Қаламгерлерде жазудан басқа таңдау жоқ – моңғолиялық ақын
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Елордада Азия елдері қаламгерлерінің І форумы аясында TED форматындағы «ASIAN LitTALKS» форсайт-сессиясы өтуде.
-
Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы 10 желтоқсанда Нью-Йорктегі (АҚШ) «Barclays Center» аренасында әлемдік жұлдыз Димаш Құдайбергеннің (DQ) жеке концерті “Арнау” бағдарламасымен өтеді.
-
Былтыр Украина – Қазақстан арасындағы тауар айналымы 4,5 есе қысқарды – елші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық қатынас көлемі қысқарып, тауар айналымы 4,6 млрд доллардан 1 млрд долларға дейін төмендеген.
-
Ержан Максим Мәскеуге қоныс аудармақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ержан Максимнің отбасы Ресейге көшу туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады.
-
Қазақстандық зергерлік бұйымдар Ұлыбританияда ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жасалған зергерлік әшекейлер лондондық көрермендерге 1-3 қыркүйек аралығында «International Jewellery London 2019» (IJL) халықаралық зергерлік бұйымдар көрмесінде ұсынылды.
-
Туристер үшін ең қауіпсіз елдер тізімі аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Финляндия туристер үшін ең қауіпсіз мемлекет ретінде аталды. Екінші және үшінші орында Исландия мен Оман.
-
Қазақстандық оқушылардың Қытай сапары аяқталды
ҚХР, Бейжің, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық оқушылар Қытайға апталық турының соңғы күнінде Бейжіңдегі 紫禁城 Цзыцзиньчэн Император сарайына (Пурпурный запретный город), Қытай халық университетіне және ұлттық музейге барды.
-
БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі «Жусан» операциясының нәтижелерін жоғары бағалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрлігінде Орталық Азиядағы превентивті дипломатия мәселелері талқыланды.
-
Багам аралдарындағы Дориан дауылы 20 адамның өмірін қиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жойқын дауылдан зардап шеккендер қатары өсіп келеді. Үйінділерді аршу жұмыстары жалғасуда.
-
Көлгінов "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов бір жарым апта бұрын ашылған "Жанұя" институтының қолдау орталығында азаматтарды қабылдады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жағажай волейболынан еліміздің чемпиондары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп жазады Оlympic.kz.
-
Қарағандылық педагог халықаралық коучинг орталығында білім алу грантын ұтып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық педагог Евгения Маторина Екатеринбургтегі Istok Халықаралық коучинг орталығында білім алуға грант ұтып алды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік циклонның өтуіне байланысты 5 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады – кей жерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұруы ықтимал.
-
Астана LRT автобусқа кедергі келтірмеуді сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада жыл басынан бері 766 жол апаты орын алған. Бұл туралы Астана LRT компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Науат Азанбаева Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Білім министрлігі "Қазақстан тарихы" оқулығына қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен «Қазақстан тарихы» оқулығына қатысты мәселеге ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова түсініктеме берді. Бұл туралы ведомствоның Facebook-тегі парақшасында хабарланды.
-
Елімізде шығарылатын көліктің 40% Шығыс Қазақстанда құрастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде шығарылатын автокөліктердің 40 пайызы Шығыс Қазақстанда құрастырылады. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шорманов хабарлады, деп жазады altaynews.kz.
-
Қырғызстанда Ұлттық Олимпиада комитеттерінің аймақтық форумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында ТМД мен Балтық жағалауы елдері және Грузия Ұлттық Олимпиада комитеттері жетекшілерінің аймақтық форумы өтті, деп хабарлайды Оlympic.kz.
-
Бельгияда жарылыстан бірнеше үй қирады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгияның Антверпен қаласының шеткі ауданында жарылыс болып, бірнеше үй қирап қалды, деп хабарлайды 24.kz.
-
Жыл соңына қарай қарағандылықтар газбен жылыту жүйесіне ауыса бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының тұрғындары алдағы уақытта «Сарыарқа» газ құбыры құрылысының пайдасын көре алады.
-
Өскеменде физика-математика бағытындағы мектеп-интернат ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауында айтылған міндеттер мен тапсырмаларды талқылауға арналған облыстық актив отырысы өтті, деп жазады altaynews.kz.
-
Майқайыңда кірпіш зауыты ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Майқайыңалтын» АҚ жанынан кірпіш өндіретін кәсіпорын ашылады. Бұл туралы Павлодар облысындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына белгілі болды.
-
Қарағанды облысында президент Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға кірісіп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының активі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру жоспарын талқылады, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.
-
Түркістанда қоғамдық көліктердің саны артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласындағы қаладағы қоғамдық көліктердің қатары жыл басынан бері 16 автобуспен толықты, олардың қатарына жуырда «Yutong» маркалы 5 автобус қосылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Наверх