Алматыда цифрландыру мәселесі бойынша басқарма құрылады

5 Қыркүйек 2019, 17:57
1891
Бөлісу:
Алматыда цифрландыру мәселесі бойынша басқарма құрылады

Алматы, BAQ.KZ. Жаңа басқарманың міндеті — келер жылдың аяғына дейін қажетті мемқызметтерді толық автоматтандыру. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін қала активінің отырысында айтты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматы — Қазақстанның цифрлы астанасы. Қазіргі кезде қала цифрлық сауаттылық деңгейі бойынша (82,6%) үздік. ІТ қызметтің үштен бірі оңтүстік астанада орындалады. Астанамен бірге Алматыда мәліметтерді жедел жіберудің жаңа форматы — 5G тестіленуде. 

«Менің тапсырмам бойынша әкімдікте цифрландыру мәселесі бойынша жеке басқарма құрылады. Оның міндеті – ақылды қалалардың жаңа жобаларын енгізу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды аяқтау, Алматыда ИТ сектор қарқынын жыл сайын жеделдету үшін жағдайлар жасау», - деді Сағынтаев.

Қазіргі кезде Алматыда қажетті мемқызметтердің 80%-ы автоматтандырылған. Жаңа цифрландыру басқармасының міндеті - 2020 жылдың аяғына дейін қажеттіліктегі мемқызметтерді толық автоматтандыру.

Өзгелердің жаңалығы