Алматы көшелеріне тағы 1000 камера орнатылады

5 Қыркүйек 2019, 14:49
1605
Бөлісу:
Алматы көшелеріне тағы 1000 камера орнатылады

Алматы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі қала активінің жиналысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша айтып өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін қала көшелеріне 600 бейнекамера орнатылады, қалған 400-і 2020 жылы қойылады. Осы жүйе арқылы қаладағы адамдар көп жиналатын жерді бақылап отыруға болады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды құралдың бірі көрінеді.  

Сонымен қатар, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қаланың барлық ауданында 11 фронт-офис ашылады. Оған келушілер ХҚКО қағидаты бойынша жайлы қызмет ала алады. 

Сел жүру қаупін төмендету мақсатында осы жылы Үлкен және кіші Алматы, Қарғалы мен Ақсай өзендеріндегі бассейнге 10 автоматтандырылған мониторинг станциясын салу құрылысы басталған болатын. Жиын барысында Сағынтаев осы жоспарланған нысандардың жұмысын жылдамдатылған тәртіпте аяқтауды бұйырды.

Өзгелердің жаңалығы