Ақтөбеде «Нұрлы жер» бойынша 27 үй салынып жатыр

5 Қыркүйек 2019, 18:55
1359
Бөлісу:
Ақтөбеде «Нұрлы жер» бойынша 27 үй салынып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр – Ақтөбе ықшам ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан пәтерлер көрсетілді. Биыл 27 көпқабатты үй қолданысқа беріледі, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Нұр – Ақтөбе ықшам ауданында төрт шағын аудан бар. Қазір бірінші, үшінші және төртінші шағын ауданда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгін пәтерлердің сапасы көрсетіліп, «Нұрлы жер» бағдарламасының артықшылықтары аталды.

«Ақтөбе қаласында 27 тұрғын үй қолданысқа беріледі. Яғни, 1420 пәтер өз иесін табады. Кез келген қазақстандық бағдарламаға қатысуға өтініш бере алады. Таяуда «Нұрлы жер» бағдарламасына қойылатын талап өзгерді. Бұрын пәтерін сатқан адамнан бес жыл бойы өз атында үйі болмағанын растау керек еді. Енді бұл талап қойылмайды. Бүгін пәтерді сатып, ертең «Нұр жер» бағдарламасымен баспана ала алады. Әрі қалада тіркеуде тұру қажет емес», - деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Эльмира Ескендірова.

Айта кетейік, бір бөлмелі пәтер құны 4,4 теңгеден басталады. Ал екі бөлмелі пәтер 7,5 миллион теңге. Ақтөбе қаласы бойынша 2-3 бөлмелі пәтерге сұраныс жоғары. Құрылыс жұмыстарын барлығы жиырмаға жуық мердігер атқарып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы