Елорда әкімдігі тұрғындарға көмірді ертерек сатып алуды ұсынды

5 Қыркүйек 2019, 14:37
2539
Бөлісу:
Елорда әкімдігі тұрғындарға көмірді ертерек сатып алуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі тұрғындарға көмірді ертерек сатып алуға кеңес берді. Бүгінгі күні қала бойынша көмір қоры 20 мың тоннаға артық, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергеикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энершетикалық ресурстар басқармасының басшысы Мақсат Есмағұловтың айтуынша жылыту маусымы кезінде елордалықтар 500 мың тоннаға дейін көмір алады.

«Осы жылдың 1 маусым мен 31 тамыз аралығында біз шамамен 100 мың тонна жеткіздік. Қала бойынша көмір қоры 20 мың тоннаны құрайды. Егер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, биыл көмір екі есе көп жеткізілді. Көмір сатушылардың айтуынша, халық отынды бесенді сатып алып жатыр. Қар түсіп, сату орындарында кезек қалыптасқанын күтпей-ақ, отынды сатып алып бастау керек. Ол күннің көзі мен жаңбырдан қорғаса, өзінің қасиеттерін жоғалпайды», - деді ол.

Еске сала кетейік, қалалық әкімдік ресми көмір жеткізушілермен меморандумға қол қойды, соған сәйкес сату орындары отынды тек белгіленген баға бойынша жүзеге асырады. Олардың мекен-жайлары мен бағасы туралы кез келген уақытта 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.
Өзгелердің жаңалығы