Astana Marathon-2019 кезінде елордада бірқатар көше уақытша жабылады

5 Қыркүйек 2019, 19:48
1236
Бөлісу:
Astana Marathon-2019 кезінде елордада бірқатар көше уақытша жабылады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Marathon-2019» халықаралық марафоны өтеді. 

Марафонның өтуіне байланысты қаланың бірқатар көшеcінде қатынауға шектеу қойылады, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында.  

"Марафон таңертең сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін өтеді. Осы аралықта кейбір көшелер толықтай, ал кейбірі жартылай жабылады", - делінген хабарламада. 

02b4a8493f587d9d3f59773c7f8934e9.jpeg

Жарыс екі қашықтықтан – 10 және 42,2 шақырымнан тұрады. 10 шақырымдық бағдар Рысқұлов көшесі – Қабанбай батыр даңғылы – Орынбор көшесі – Мәңгілік ел – Рысқұлов көшелері арқылы ұйымдастырылады. 42,2 шақырым қашықтықтағы бағдар келесі көшелер мен даңғылдар арқылы өтеді: Рысқұлов – Қабанбай батыр - Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов - Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Сарыкөл – Байтұрсынов – Қошқарбаев – Жұмабаев - Момышұлы – Абылай хан –Жұмабаев – Қошқарбаев – Мәңгілік ел – Қонаев – кіші Қабанбай батыр – Достық – Мәңгілік ел – Рыскұлов. 

Осыған орай Рысқұлов көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы толық жабылады. Қалған көшелерде жартылай шектеу енгізіледі. 

666692375c902761cb7c381df4605cdf.jpeg

Бұған қоса № 21, 29, 35, 47, 50, 51, 60, 100, 101, 107 10 автобус бағдарының қозғалысы уақытша тоқтатылады. 

Тағы 56 бағдардың қозғалысы өзгереді. Олар № 2, 3, 4, 5, 5А, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 22, 22А, 23, 24, 25, 28, 31, 32, 33, 37, 40, 41, 44, 46, 48, 52, 53, 54, 56, 61, 70, 71, 72, 73, 80, 102, 104, 105, 302, 303, 304, 308, 309, 313, 314, 315, 316, 318, 320, 321. 

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық көлікте қатынау уақыты мен бағдарын уақытша шектеу енгізілген және жабылған көшелерді айналып өтетіндей етіп алдын ала жоспарлап алуларын сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы