Мумбайда халық топан судан әбігерге түсті

5 Қыркүйек 2019, 23:24
1404
Бөлісу:
Мумбайда халық топан судан әбігерге түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Мумбай қаласында су тасқыны жергілікті тұрғындарды әбден әбігерге салды, деп хабарлады 24.kz.

Табиғат апатынан шаһарда көлік қатынасы тежелді. Мектептерде де уақытша жұмыс тоқтап тұр. Мамандардың айтуынша, Мумбайда 20 сағаттың ішінде 103 миллиметр жауын түскен. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Айтуынша, нөсер жауын әлі бірнеше күн тоқтаусыз жауады. Әзірге апаттан мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Айта кетейік, биыл Үндістан тасқынның салдарынан қатты зардап шекті. Жауын-шашын маусымынан елдің оңтүстігі мен батыс аудандары орасан зор шығынға батты.

Өзгелердің жаңалығы