Хабиб Нурмагомедовтің келесі жекпе-жекте алатын гонорары белігілі болды

5 Қыркүйек 2019, 16:12
1940
Бөлісу:
Хабиб Нурмагомедовтің келесі жекпе-жекте алатын гонорары белігілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың промоушеннің уақытша чемпионы америкалық Дастин Порьеге қарсы жекпе-жегі үшін гонорары 6 млн долларды құрайды, деп хабарлады sports.ru.

Осылайша, ресейлік файтер UFC-дің екі салмақта бұрынғы чемпионы Конор МакГрегорға қарсы жекпе-жегіндегі гонорардан 3 есе жоғары алатын болды. Нурмагомедов ол кезде негізгі төлем ретінде 2 млн алған.

Нурмагомедов - Порье жекпе-жегі 7 қыркүйек күні Абу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінде болады. 

Америкалық соңғы төрт жекпе-жегінде UFC-дің екі бұрынғы (Эдди Альварес пен Энтони Петтисті) және қазіргі чемпионын (Макс Холлоуэй) жеңді. 

Өзгелердің жаңалығы