Еліміздегі қытайлық компаниялардың үлесі белгілі болды

5 Қыркүйек 2019, 12:07
4320
Бөлісу:
Еліміздегі қытайлық компаниялардың үлесі белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде өткен брифинг барысында еліміздегі қытайлық компаниялардың үлесін атады.

«Бірінші тамыздағы жағдай бойынша, қазіргі күні Қазақстанда 20 мың шетелдік компания, олардың филиалдары жұмыс істеп жатыр. Бірлескен компаниялар да бар. Олардың 35 пайызы Ресей және Қазақстан-Ресей компаниялары саналады. Түркия компаниялары 10 пайыз маңайында. Өзбекстан компаниялары – 5,7 пайыз, Қытай компаниялары – 5,6 пайыз, Германия компаниялары – 3,1 пайыз. Басқа да шетелдік ұйымдар Қазақстанда жұмыс істеп жатыр», - деді Жеңіс Қасымбек.

Вице-премьердің айтуынша, қазақстандық компаниялар да шетелде қарқынды жұмыс істеп жатыр. 

«Ресейде де, Қытайда да біздің компанияларымыз бар. Елге тек капитал ғана емес, қаражатпен қоса жаңа технологиялар да келетінін ұмытпауымыз керек», - деді брифинг барысында Жеңіс Қасымбек.
Өзгелердің жаңалығы