Ресейліктер төлемді бет жүзін көрсету арқылы жасайтын болады

5 Қыркүйек 2019, 18:42
1552
Бөлісу:
Ресейліктер төлемді бет жүзін көрсету арқылы жасайтын болады

Алматы, BAQ.KZ. "Ростелеком" қазан айында тауар мен қызмет түрлерін бет жүзін көрсету арқылы төлейтін жүйені енгізбек. Бұл туралы life.ru хабарлады.

Клиенттер 1000 рубльге дейінгі соманың төлемін бет әлпетін көрсету арқылы жасай алады. Одан үлкен сомаға төлем жасау үшін тексеріс кодын енгізу қажет болады. 

Мұндай жүйені қолдану үшін банктік карта мен биометриялық мәліметтерді байланыстыру қажет екен. Сондай-ақ, оны "Ростелеком" қосымшасында немесе кез келген банкте жасауға болатыны айтылған. 

Басылымның мәліметінше, бұл жүйенің баламасы 9-11 қазан күндері Сочи қаласында өтетін Finopolis қаржылық технологиялары форумында таныстырылмақ. Қараша айынан бастап бұл сервис нарықта тарай бастайды.

Өзгелердің жаңалығы