Тоқаев «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды

5 Қыркүйек 2019, 15:35
1940
Бөлісу:
Тоқаев «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Атырау облысына жасаған жұмыс сапарын «Жігермұнайсервис» ЖШС-нен бастады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент роботты дәнекерлеу әдісін пайдалана отырып, мұнай металл құрастырылымдарын шығаратын мұнай сервисі кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Компанияның көрсететін қызметтерінің тізіміне бұрғылау және мұнай кәсіпорнының құрал-жабдықтарын дайындау, мұнай-газ кен орындарын орналастыру жұмыстары кіреді. 

Өзгелердің жаңалығы