Туристер үшін ең қауіпсіз елдер тізімі аталды

5 Қыркүйек 2019, 10:17
2806
Бөлісу:
Туристер үшін ең қауіпсіз елдер тізімі аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Финляндия туристер үшін ең қауіпсіз мемлекет ретінде аталды. Екінші және үшінші орында Исландия мен Оман.

"Финляндия туристер үшін ең қауіпсіз мемлекеттердің бірі болып саналады", - делінген дүниежүзілік экономикалық форумда оқылған "The Travel and Tourism Competitiveness Report 2019" баяндамасында

Туристік бәсекеге қабілеттілік рейтингі халықаралық ұйымдардың мәліметі мен жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жасалған. Қауіпсіз елдер үштігіне Исландия мен Оман кірді. Ал алғашқы қауіпсіз он мемлекет қатарына Швейцария, Гонконг, БАӘ, Люксембург, Португалия мен Жаңа Зеландия енді.

Ал туристер үшін қауіпсіз елдер қатарында Сальвадор, Нигерия, Йемен, Венесуэла мен Гондурас бар. 

Өзгелердің жаңалығы