Сағынтаев: Әрбір алматылықтың кәсіпкер болуға мүмкіндігі бар

5 Қыркүйек 2019, 17:29
1319
Бөлісу:
Сағынтаев: Әрбір алматылықтың кәсіпкер болуға мүмкіндігі бар

Алматы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті қолдаудың нақтылы шаралары туралы айтты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөзқызметі хабарлады.

Ең алдымен, мәдениет, туризм, көлік, логистика және ІТ инновация салаларында кәсіпкерлікті дамытуға назар аударылады.

Отбасылық бизнесті, соның ішінде көпбалалы отбасыларда практиканы дамытуға ерекше мән беріледі. Сондықтан Алматыда «Бақытты отбасы» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығында әйелдерді кәсіпкерлікке үйрететін «Isker Ana» бағдарламасы қолға алынды.

Жыл аяғына дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін олардың жұмыс орындарында тәлімгерлік пен тәжірибе жинақтау орталығын ашу жоспарланған.

Кәсіпкерлікке жағдай жасау және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында Алматыда алты ауданда филиалдары бар «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы құрылды. Мұнда барлық меморгандардың, даму институттары мен монополистердің мамандары қызмет көрсететін болады.

Бүгінгі күні Алматыда ШОБ субъектілерінің саны 185 мың. Олар ІЖӨ 40%-ын, салықтың 64%-ын қамтамасыз етеді, 600 мыңнан астам жұмыс орындары құрылған.

«Басты міндет – жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Мемлекеттік органдар өздерінің қажеттіліктеріне біздің кәсіпкерлер шығаратын өнімдерді алулары тиіс», - деді Б. Сағынтаев.

Өзгелердің жаңалығы