Тоқаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

5 Қыркүйек 2019, 16:39
1232
Бөлісу:
Тоқаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.

Қазақстан президенті еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі «Лукойл» компаниясының үлесін жоғары бағалады.

"«Лукойл» – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сіздің компаниямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берді. Біз ұзақ уақыттан бері бір-бірімізді білеміз. Сондықтан осы жемісті ынтымақтастықтың табысты болатыны сөзсіз деп ойлаймын", – деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы