Астана LRT автобусқа кедергі келтірмеуді сұрады

5 Қыркүйек 2019, 07:42
1297
Бөлісу:
Астана LRT автобусқа кедергі келтірмеуді сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада жыл басынан бері 766 жол апаты орын алған. Бұл туралы Астана LRT компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Науат Азанбаева Facebook-тегі парақшасында жазды.

Науат Азанбаеваның мәліметінше, жыл басынан бері орын алған 766 жол апатының 504-і жеңіл автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен болған. Соның салдарынан 34 адам түрлі жарақат алған көрінеді.

«Құрметті автомобильшілер! Автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдайтынын есте сақтасаңыздар екен. Кенеттен күрт тежелудің зардабы ауыр болуы мүмкін. Автоәуесқойлар автобус алдында маневр жасап, кейде кесіп өтіп немесе белгіленбеген жерде тоқтап, қозғалысқа кедергі келтіріп жатады. Достар, аялдама қалталарынан шығып келе жатқан қоғамдық көлік жүргізушісіне жол берулеріңізді, жол үстінде өзара кішіпейіл әрі тілектес болуларыңызды сұраймыз. Есіңізде болсын, автобус жүргізушісіне жол бергеніңіз – жолаушыларға жол бергеніңіз!» - деп жазды Науат Азанбаева өзінің парақшасында.



Өзгелердің жаңалығы